Текст
06.09.2021
Қараөткел ауылы N2 ЖОББ ММ-нің жасөспірімдер арасында " Адам саудасы-қатерлі қылмыс" тақырыбында сынып сағаттар мен пікірталастар өткізілді. Атап айтар болсақ 8"ә" сыныбында Ж.Рамазанқызы жаднама таратса, 10"ә" сыныбында пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, адам саудасына жол бермейтігіне үлес қосатындарын сөз етті.
23.08.2021
"Мектепке жол" акциясы аясында Қараөткел ауылының әкімшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеуші атынан 30 сумка мен кеңсе тауарларын ұйымдастырды.
15.06.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы білім беру" КММ. Мектебінде жазғы демалыс лагерінің 2-ші кезеңінің ашылуы болды. "Отбасым-алтын бесігім" атты мерекелік кешті жетекшілері ұйымдастырды. "Бәйтерек" лагеріндегі "Мейірім " тобының оқушыларына тәрбие ісінің орынбасары Надежда Серікқызы алдағы жазғы демалыстарын жақсы көңіл-күймен өткізулерін тіледі.
14.06.2021
Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы N2 ЖББМ-сінде " Сәт сапар саған, ЖАС ТҮЛЕК!" атты аттестат тапсыру рәсімі болып өтті. Аталған мектептен 63 бітіруші түлек Мемлекеттік құжаттарын алды. Оның ішінде: алты " Алтын белгі" , төрт оқу үздігі ерекше аталып өтті. Алтын белгіні ауыл әкімі-Каханов С.М тапсырса, оқу үздіктерін Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Тоқобаев Н.Ж табыстады. Алтын ұя мектебін қимастықпен қоштасып тұрған түлектер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, соңында " Соңғы қоңырау" әнімен әсерлі аяқтады. " Мен шәкіртіммен мақтанамын, мен шәкіртіммен шаттанамын" - дегендей Сәт сапар тілеп, қол бұлғап қала бердік!
10.06.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы білім беру" КММ. Мектебінде жазғы демалыс лагерінің 1-ші кезеңінің жабылуы болды. "Қош бол, қызықты Бәйтерек" атты мерекелік кешті жетекшілері ұйымдастырды. "Бәйтерек" лагеріндегі "Күншуақ" тобының оқушыларына алғыс хаттар, сыйлықтар таратылып, алдағы жазғы демалыстарына мектеп тәрбие ісінің орынбасары:Надежда Серікқызы сөз сөйлеп сәттілік тіледі.
03.06.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы білім беру" КММ мектебінде 1 Маусым-Халқыаралық балалар күні мерекесіне орай "Бар мейіріміміз балаларға" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп директоры С. Буян балаларды көңілді мерекелерімен құттықтап, жақсы демалуларына сәттілік тіледі. Оқушылар ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Балаларлардың мерекесіне ауылдың жеке кәсіпкерлері демеушілік жасады. Атап айтатын болсақ: 1.Самұрық сауда орталығы 2.Теңгіз сауда дүкені 3.Ислам базары сауда орталығы. 4.Аяла сауда дүкені 5.Мектеп асханасы 6.Жеке кәсіпкер Данил. Осы кәсіпкерлер балаларға тәттілерден мерекелік тарту жасады.Демеушілік жасаған кәсіпкерлерге мектеп директоры С.Буян мектеп әкімшілігі атынан алғысын білдірді.
03.06.2021
Қараөткел ауылының И2 ЖОББМ логопед-дефектологтың мектеп оқушыларымен "Р" дыбысын қайталап, сөз ішінде дұрыс айтылуын машықтау үстінен үзінді.
26.05.2021
Целиноград аудан" Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру"КММ Мектебімізде 25-мамыр күні "СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп басшысы мен сынып жетекшілері жас түлектерімізге тілектерін білдірді. Іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адам санымен ұйымдастырылы. 9-сыныптардың соңғы қоңырауы мектеп әкімшілігінің қатысуымен және талаптарды сақтай отырып өз кабинеттерінде өтті.
26.05.2021
В школе КГУ" Общеобразовательная школа №2 с. Караоткель"Целиноградского района состоялось Общереспубликанское родительское собрание. Собрание было организовано в онлайн и оффлайн форматах. Директор школы Ислам Буянович рассказал об основных вопросах, которые предстоит провести в конце года, а также о предстоящих государственных экзаменах 9-11 классов и ЕНТ учащихся 11 класса, а также затронул тему об организации летней школы. Директор школы информировал, что последний звонок прозвучит после торжественной линейки, учитывая все санитарные нормы безопасности учащихся, а также прозвучал вопрос об ответственности родителей о безопасности детей в период летних каникул.
14.05.2021
Караөткел 2 ЖОББМ басшылығының ұйымдастыруымен және мектеп ұжымымен мектеп ауласын абаттандырып, көгалдандыру ұйымдастырылды.