Текст
14.04.2021
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Молдагулова Шынар Елубаевнаның ұйымдастыруымен 11-сыныптарға ZOOM бағдарламасы арқылы «Концентрацияға берілген есептер» тақырыбында Целиноград ауданы бойынша мектеп түлектеріне қосымша сабақ ұйымдастырылды.
14.04.2021
Қараөткел №2 ЖОББМ 2021ж. 5-сәуір мен 12-сәуір аралығында орыс тілі мен орыс әдебиетінің «Лингвист» апталығы өтіліп, өз мәресіне жетті . Апталықта орыс тілі мамандары қашықтықтан және штаттық режимде ашық сабақтар мен коучингтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектебіміздің жас маманы Сулейменова Д.А. орыс тілі пәні бойынша Республикалық «Online Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауына қатысып, ІІІ-деңгей сертификатымен марапатталды.
12.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ 12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай жоспар құрылып, сол жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді. 1-4- сыныптар арасында тақырыптық суреттер салу, 5-8-сыныптарға тақырыптық макеттер жасау, 9-10-сыныптар мен Өзін-өзі басқару ұйымы видиороликтер жасау сайыстары ұйымдастырылды.
08.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ 6"в" сынып оқушысы Өмірбек Инкар "Ұлы даланың жеті қыры"мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған "Тарих ізімен"атты көрме байқауына "Шебер -қолдар"(құрақ көрпе, кестелі бұйымдар арасында ) номинациясы бойынша қатысып, ІІІ орынға ие болды. Атсалысқан ата-анасына алғысымыз шексіз! Жетекшісі: Бухабаева Н С
08.04.2021
Қараөткел ауылы №2 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сұлтан Нұрбол Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық жарыста чемпион атанып, алтын медаль және кубок иеленді.
08.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында оқырмандардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқуды оқушы үшін тартымды ету мақсатында "Х.К Андерсен ертегілері" атты апталық өтуде. Осыған орай Х.К Андерсеннің "Ұсқынсыз үйрек" ертегісінің желісімен кітапханалық сабақ өтті. Іс- шараға Халиева Р.З, Тұрарбекова А.Е, Блялова Б.М. жетекшілігімен 2-3-сынып оқушылары қатысты. Балалар ертегіні тыңдай отырып,оқиғаның өрбу ретімен суреттерді бояды. Іс-шараны ұйымдастырушылар мектебіміздің кітапханашылары: Сүлейменова А.У, Әмірханова Н.Ш.
07.04.2021
Қараөткел №2 ЖОББМ мектеп асханасындағы шикі және дайын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау мақсатында бракеражды комиссия құрылып, «Сапалы тамақтану мониторингі» жүргізілді. Комиссия төрағасы: С.Буян- мектеп директоры Төрайымы: Сыздыкова М.К. – қамқоршылық кеңесінің мүшесі Комиссия мүшелері: Балгин К.Е – ТІЖО Киянбекова З.У – әлеуметтік педагог Камелова А.Ө – ОІЖО Аманкелди Н – мектеп медбикесі Габдуллина А.К – кәсіподақ төрайымы
05.04.2021
Ауыл оқушылары арасындағы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы 2021 жылдың 2 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында жалғасуда. Айтулы шараға Қараөткел №2 ОМ 5-6 сынып арасынан 115 оқушы тіркеліп, 80 оқушы қатысу мүмкіндігін алуда. Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасы финалистердің бәріне Birqe oqy Елбасы Академиасында тегін оқуға, ал жеңімпаздарға еліміздегі дарынды балаларға арналған алдыңғы қатарлы мектептердің оқушысы болуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, олар «Білім-Инновация» лицейлерінде, республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерде оқи алады.
02.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ "Гәкку" би ансамблі Жексенбекова Гүлнұр Секербайқызының жетекшілігімен мектебімізде 6 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Ансанбіліміз өткен жылы Бурабай қаласырда Дубай елінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық би байқауына "Батырлар" биімен Қазақстан атынан қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Дәл осы байқаудан Испанияда өтетін үлкен байқауға жолдама алды. Осындай жетістіктерінің бірі кеше ғана Қарағанды қаласында С.Сапиевтің атындағы бокс орталығынды өткен Халықаралық «KZFESTIVAL» атты байқауына қатысып, "Лезгинка" биімен бас жүлделі болып оралды.
02.04.2021
Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 000 балаға 2 – 4 жағдайда кездеседі. Ақыл кемдігімен қоса (атипиялық аутизм) анықталуы 100 000 адамға 20 жағдаймен кездеседі. Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1. Аутизм кез келген жаста кездеседі. Жас ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері де өзгеріп тұрады. Ерте балалық аутизм ( 3 жасқа дейін), балалық аутизм (3 жастан 10 -11 жасқа дейін) және жасөспірімдік аутизм (11 жастан жоғары).