Текст
02.04.2021
Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Целиноград ауданының ашық біріншілігінен Қараөткел №2 ОМ оқушылары Целиноград ауданының жеңімпаздары атанды. Қоржындарын 4 алтын, 2 күміс медальмен толықтырды. Жаттықтырушысы – Сұлтан Нұрбол, Қараөткел №2 ОМ дене шынықтыру маманы.
01.04.2021
Қараөткел №2 ЖОББМ PISSA-2022 халықаралық жобасының апробациялық кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.
01.04.2021
Ақмола облысы білім басқармасы өткізген, жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы «Абай клубының үздік презентациясы» сайысында Қараөткел №2 ЖОББМ КММ мектебі жүлделі ІІІ орынға ие болды.
30.03.2021
ХАБАРЛАНДЫРУ! Қараөткел ауылының № 2 ОМ бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтініштер онлайн форматта egov.kz сайты арқылы қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: • Ата-аналар өтініші ; • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; • Бала денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны бойынша ; • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; • 3*4 көлеміндегі фото;
30.03.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ 6"Б" сынып оқушысы Рау Ермахан "Ұлы даланың жеті қыры"мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған "Тарих ізімен"атты көрме байқауына "Шебер -қолдар"(ағашты, сүйекті,теріні көркемдеп өңдеу) номинациясы бойынша қатысып, ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Көркем еңбек мұғалімі: Смаков Қайрат Жайлыбаевич
29.03.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ "Ұлттық мереке - ұрпаққа өнеге" атты тәрбие сағаты өткізілді. "Наурыз – ең үлкен отбасылық мереке" екеніне сүйене отырып, 6"А" сыныбының оқушысы Ерболатқызы Нұрсезім өз қолымен наурыз көже жасап, отбасы мүшелерімен мерекені атап өткен болатын. Бұл күні барлық отбасы мүшелері жиналып, бар жақсылық пен шарапаттарын бір-біріне сыйлайды.
29.03.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ кітапханасында "Наурыз - ертегі" атты іс-шара өтті. Ертегі желісімен сурет салу, түрлі-түсті бояулармен наурыз мерекесін бейнелей отырып, оқушылар өз шеберліктерін көрсете білді. Сонымен қатар, "Наурыз- жыл басы" атты көрме ұйымдастырылды.
25.03.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беретін" КММ -де Құқық бұзушылықты алдын алу мақсаты бойынша мектепшілік есепте тұрған оқушылармен көктемгі демалыс уақытында демалысты ұтымды пайдалану үшін ұсыныстар айтылып, ескертіулер жасалынды.
25.03.2021
Караөткел ауылы 2 жалпы білім беру мектебінде 2"А" сынып оқушыларының арасында көктемгі демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында "Ұлттық ойын-ұлт игілігі" такырыбында іс- шара өткізілді. Бала санасына ұлттық салт- дәстүрлерімізді жаңғырту арқылы еліміздің болашағы жас жеткіншек ұрпақтарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелейміз.
25.03.2021
Целиноград ауданы" Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ Наурыздың 18-і күні 4"е" сыныбында " Бала қауіпсіздігі бәрімізге міндет" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерге тоқтала отырып, 3-тоқсан бойынша білім көрсеткіштері мен тәрбие саласындағы іс-шараларға белсене қатысқан оқушылардың ата-аналарына алғыстар айтылды. Ата-аналарға өмір қауіпсіздігіне байланысты жаднамалар көрсетілді. Жиналыс "zoom" арқылы ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Шойдонда Марияш