Текст
10.03.2021
2021 жылдың 10.03 сағат 12.00 Қараөткел ауылы №2 жалпы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша "Алтын белгі" мен "Үздік аттестат" үміткерлерінің құжаттарын тексеру бойынша комиссиясының есеп беру отырысы өтті.
10.03.2021
Қараөткел №2 орта мектебінің оқушылары 2021 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында орыс тілі пәнінен Ақтөбе қаласында қашықтықтан өткен ІҮ Республикалық А.С Пушкин оқуларына арналған «Әлеммен Пушкинді оқимыз» байқауына қатысып, жеңімпаздары анықталды: ІІІ орын – Тлеубердиев Санжар 8 «б» сынып оқушысы ІІ орын – Байгазиев Мадияр 11 «ә» сынып оқушысы ІІ орын – Утегенов Алтынбек 11 «ә» сынып оқушысы І орын – Серәлі Нұржан 8 «б» сынып оқушысы І орын – Ерсайынқызы Інжу 5 «а» сынып ІІ Республикалық «Есенин оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды: І орын – Серәлі Нұржан 8 «б» сынып оқушысы ІІ орын – Сафуадин Бану 5 «е» сынып оқушысы Орыс тілі мен орыс әдебиетінен пәндік олимпиаданың жеңімпаздары: І орын –Арнаутов Богембай 8 «а» сынып оқушысы І орын – Алимбетова Аида 11 «ә» сынып оқушысы Жетекшісі: орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Садвакасова А.Қ.
09.03.2021
Қараөткел №2 ОМ 2020 - 2021 оқу жылының қараша айында өткен мектепішілік пәндік олимпиадаға 150 оқушы қатысып, нәтижесінде 42 оқушы -аудандық кезеңге өтті. Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша 30 оқушы мадақтамамен марапатталды. І орын -5 оқушы, ІІ орын - 4 оқушы, ІІІ орын -14 оқушы, белсенділік -15 оқушы. Аудандық олимпиада жеңімпаздары.
03.03.2021
Ақпан айында өткен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен озық тәжірибе тарату жұмысына белсене қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөліскен бастауыш сынып мұғалімдері Тарбақа Жанаргүл және Шойдонда Марияш сертификаттармен марапатталды.
02.03.2021
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы 2 орта мектебінің 3 «Д» сыныбының кезекші тобында бүгінгі 1- Наурыз «Алғыс айту» күніне орай тәрбие сағаты өтті. Сынып оқушылары ата—аналарына, ұстаздарына, достарына, туғандарына өз алғыстарын жеткізді. Сынып жетекшісі: Ныгманбекова Динара Бауыржановна
01.03.2021
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
24.02.2021
2021 жылдың 24 ақпанында Қараөткел ауылы №2 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімдері Ботагөз Бегалиевна Кадырова және Жанар Рамазановна Байболиналардың ұйымдастыруымен «ТЖБ мен БЖБ дайындау тәсілдері» атты 5-11 сынып аралығында жиынтық бағалау жүргізетін пән мұғалімдеріне онлайн семинар өтті. Семинар барысында «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы», «Жабық тапсырмалар», «Ашық тапсырма құрастыруға қойылатын талаптар» және т.б. өзекті мәселелер бойынша әріптестеріміз ой бөлісіп, тәжірибе таратты.
23.02.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру" КММ Тәрбие саласындағы ақпан айына арналған жұмыс жоспарына сүйене отырып " Бала құқығы конвенциясы" тақырыбында мектеп психологы мен 8"В" сынып жетекшісі Ахметқанқызы М қашықтықтан сұхбат өткізді.
23.02.2021
"Қараөткел ауылы #2 жалпы орта білім беру"КММ Тәрбие саласы бойынша " Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым" тақырыбында 5-9 сынып аралығында қашықтықтан сауалнама жүргізілді. Оқушылардың рәміздер туралы білімдерін бақылау болды. Сауалнама барысында оқушылар жоғарғы дәреже де көрсеткіш көрсетті.
23.02.2021
Қараөткел №2 ОМ «Бастауышым-бастамам, білім-ғылым бастаған» тақырыбында өтіліп жатқан бастауыш сыныптар апталығынан көрме.