Текст
23.02.2021
Қараөткел №2 ОМ бастауыш сыныптар апталығының өтілуіне байланысты 4 «г» және 2 «е» сыныбында өтілген ашық сабақтардан көрініс.
18.02.2021
Қараөткел №2 ОМ "Бастауышым бастамам, білім-ғылым бастаған" тақырыбында бастауыш сыныптар апталығы өтілуде. Мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, әр сабақта оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
18.02.2021
Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерту енгізілгені туралы мәлімет. Аталған білім саласындағы қамқоршылық кеңес құрамындағы мүшелерінің өз өтініштері бойынша қаралып, орындарына өзгерістер енгізілді. Құрам мүшелеріндегі Сапар Бейсенгелді, Сапаров Азамат Есмұратұлы, Жанболат Бақытгүл осы кісілердің орнына Сыздықова Майра Капановна, Ноғайбаев Азамат Ағыбайұлы, Жунусова Анар Ануаровна құрам мүшелері болып тағайндалды. Қамқоршылық кеңестің құрамы 9 мүшеден тұрады.
17.02.2021
Пәндік олимпиада
Қараөткел №2 орта мектебінің оқушылары, аудандық пәнаралық олимпиадаға қатысып, тарих, құқық негіздері, өзін-өзі тану және география пәндерінен облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтатын болсақ: Абаева Қымбат –география пәні, Умаров Мейрамбек – құқық...
12.02.2021
"Қараөткел ауылы #2 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шаңырақ" отбасылық клубының атқарылған игі істерін көрсеттік. Мектебіміздің атсалысқан отбасыларға жылы лебізімізді білдірдік. Алдағы уақытта тағы да жоспар бойынша іс-шараларды біріге отырып орындаймыз деген үміттеміз.
11.02.2021
"Өзін-өзі тану" онкүндігі аясында 7 ә сынып ата-аналарымен "Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбында жиналыс өткізілді
10.02.2021
Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жас мерей тойына орай Қараөткел №2 орта мектеп кітапханашылары Сүлейменова А.У, Әмірханова Н.Ш ұйымдастыруымен 5.02.2021 жылы санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып , 5- сынып оқушыларының қатысуымен, «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты шағын отырыс өтті. Мақсаты: Ақын шығармашылығын насихатап,, оқырман қауымды таныстыру. Қашықтықтан оқып жатқан сыныптар үшін видеоролик жасалып, әлеуметтік желілер арқылы таныстырылды.
09.02.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел ауылы √2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дебат үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен және жоғарғы сынып оқушылар арасынан құрылған мектепішілік "Өзін-өзі басқару" тобымен " Ел ертеңі -жастар" атты ой бөлісу, пікірталас өтті.
09.02.2021
Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Ақын күреске толы өмірін болашақ ұрпағына жыр қылып жазып қалдырған болатын.
04.02.2021
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында өткен «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде атты» МИФ апталығының қорытындысы Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтар өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде » атты апталығы өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты: Қашықтықтан және офлайн оқыту жағдайында жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Апталықтың міндеттері: • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орнын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу; • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу; • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау.Барлық сабақтарды мұғалімдер «ZOOM», «BILIM LAND» платформаларын, «QUIZ» т.с.с ойындар пайдалана отырып, қызықты, тартымды өткізді, оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыра білді. Қ.Муханова, Г.Омирзакова, Д.Абламбаева, Ш. Молдагулова, А.Маликова онлайн , офффлайн түрінде өтетін сабақтарды жетік меңгергендігін көрсетіп,жоғары деңгейдегі үлгілі сабақтар берді. Қ. Ишамбулова, Г. Токен, Г.Бауыржан, Н.Алижан өткізген ашық сабақтарында оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіре білді Дapынды бaлaлapдың шығapмaшылық қaбiлeттepiн дамыту мақсатында Л.Ожанова, Қ.Серуенбай өткізген мұғалімдермен өткен логикалық-сергіту сайысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Имангожаева 1-орын алып ойының ұшқырлығын көрсетсе, сыныптан тыс онлайн сайыстарда төмендегі оқушылар жеңімпаз, жүлдегерлер атанды. «Кубик-рубик» сайысында 1-орын 8 «Г» сынып оқушысы Мұрат Аңсар, 2 және 3-орынды 5 «А» сынып оқушылары Темірханов Ералы мен Қайсар Асылан, 8-9 сыныптар арасында өткен «Геометриялық сауаттылық» олимпиадасында 1-орынды Тілектес Мақсат,Қожахметова Жанна, Әбілхан Абылайхан, 2-орынды Билялова Томирис,Үмітхан Арайлым, Бекболат Мухамед-Али, 3-орынды Оразымбетоа Аяулым, Ашукенова Назерке, Энхжаргал Аружан, Қайыржан Дильназ иеленді.Онлайн газет-журналдар сайысында 1-орынды «Көңілді информатика» ролигімен 6 «Б» сыныбы, 2-орынды «Сабақ үстінде» ролигімен 9 «В», сыныбы, 3-орынды 9 «Б» сыныбы алды.Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады. Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату міндеттерін жүзеге асыру үшін өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өз мәресіне жетті. Бірлестік жетекшісі: Л.Ожанова