Текст
29.04.2022
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасында "Ертегілер әлемі" тақырыбы бойынша 2в сынып оқушылары ғажайып ертегілер әлемін қызыға оқып, әр кейіпкердің қыр-сырына үңіліп, жақсы қасиеттерін көңілдеріңе тоқып, кереметтей күймен талқылап, ойларын дамытып, қабілеттерін жетілдірді.
29.04.2022
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасында "Ертегілер әлемі" тақырыбы бойынша 2в сынып оқушылары ғажайып ертегілер әлемін қызыға оқып, әр кейіпкердің қыр-сырына үңіліп, жақсы қасиеттерін көңілдеріңе тоқып, кереметтей күймен талқылап, ойларын дамытып, қабілеттерін жетілдірді.
29.04.2022
20.04.2022 жылы Мектеп кітапханасында " Әділет " дебат клубының ұйымдастыруымен мектепішілік дебат өтті. Дебаттқа үш команда қатысты. Балалар жылы, Фасфут тағамы зияны және дәстүрлі кино тақырыбы аясында ой қозғалып, пікірталас өткізілді. Бұл жерде көп оқушылар бірінші рет дебат алаңына шығып өз мүмкіндіктерін сынады. Нәтижесінде ұшқыр ойы мен салмақты мағыналы сөздерімен 9в сынып оқушысы Болатұлы Асылхан, 8б сынып оқушысы Талапханұлы Алтай ерекше көзге түсті.
11.04.2022
8 сәуір күні Қараөткел мектеп гимназиясында Айқанат олимпиаласының облыстық кезеңінің екінші туры өтті. Целиноград ауданынан 60 оқушы қатысты. Оқушыларға сәттілік тілейміз.
07.04.2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында Қараөткел мектеп – гимназия КММ кітапханасында «Әжемнің ертегілері» атты халықаралық балалар кітабы күніне орай апталық өтуде. Мақсаты: бүлдіршіндерімізді кітап оқуға баулу. Оқыған кітаптары бойынша ой бөлісіп, ортаға салуды үйрету. Жоғарғы сынып ұстаздары Садвокасова А.Қ , Нурмагамбетова Л.К мектебіміздің тәлімгері Әмірханова Н.Ш бүлдіршіндерге ертегі оқып беріп, ертегі желісі бойынша суреттер салдырып, ойындар ойнатты. Мектеп кітапханашысы Сулейменова А.У
06.04.2022
05.04.2022 ж. Мектебімізде қыздар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп медбикесі Амангул Сериковна, әлеуметтік педагог Киянбекова Залина Тәрбие ісі жөнінде орынбасары Надежда Сериковна және мектеп тәлімгері Съезхан Нұршаш сөз сөйледі. Жиналыста жалпы мектеп ережесі, қыз балалардың бой тазалығы мектеп формасы, жаман әрекеттер, түнгі жүріс, ерте жүктілік туралы айтылды. Жиналыс қорытындысында кез келген мәселе бойынша кез келген уақытта медбике, тәлімгер, психолог апайлардан көмек сұрай алатындары туралы айтылып оқушыларды сенімге, бірлікке шақырды.
01.04.2022
Қараөткел мектеп-гимназиясы. Алжанова Айгүл Агабановна дефектолог-логапед мұғалімі аутизммен жұмыс жасап жатыр.Балалар үнемі оқу жаттығудың арқасында жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр.Үздіксіз еңбектің әдіс-тәсілдерді қолдана білген маманның арқасында. Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 000 балаға 2-4 жағдайда кезеді.Ақыл кемдігімен қоса анықталуы 100 000 адамға 20 жағдаймен кездеседі.Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 41.аутизм кез-келген жаста кездеседі.Жас ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері де өзгеріп тұрады.Ерте балалық аутизм (3 жасқа дейін), балалық аутизм (3 жастан 10-11) жасқа дейін және жасөспірімдік аутизм (11 жастан жоғары).
30.03.2022
Көктемгі демалыс уақытында 3 г сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып "Отбасыммен тыңдаған ертегі" тақырыбы бойынша өздерінің үйдегі тыңдаған ертегілерінің мазмұны бойынша суреттер салды.
30.03.2022
Бүгін 7 "в" сыныбында "Отбасы-тәрбие іргетасы" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналармен тренинг топтық жұмыстар және пән мұғалімдерімен оқушылардың үлгерімі туралы айтылды.Оқушылардың қауіпсіздігін,келесі тоқсанға дайындықтары , тәртіптері жайында айтылды. Сынып жетекшісі: Тулектемирова К.С
30.03.2022
Қараөткел ауылы мектеп гимназиясында Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесін 2 "а", 2 "ә", 2" б", 2 "в" сынып оқушылары "Ұлттық тағамдар" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Қазақтың ұлттық тағамдары сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі ас мәзірі. Оқушылар ұлттық тағам түрлерінің жасалу жолдарымен таныстырды. Қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген. Бастауыш сынып мұғалімдері.